Жаңалықтар

Жамбыл облысында аптап ыстықта дәрігерге жүгінгендер көбейді

Жамбыл облысында аптап ыстықта дәрігерге жүгінгендер көбейді

Жамбыл облысында аптап ыстыққа байланысты жедел жәрдемге тыным болмай тұр. Мамандар мамыр айының соңынан бүгінге дейін тәулігіне 300-400 қоңырауға дейін артып келе жатқанын айтады.

Медициналық көмекке жүгінгендер арасында ересектермен қатар балалар да көбейген. Бүгінде облыс бойынша 90-нан астам жедел-жәрдем көлігі шақыртуларға шығады. Ал аймақта шілде кірмей-ақ ауа температурасы 40 градусқа жетті. Тұрғындардың басым бөлігі су жағалап, салқындауға көшкен, деп жазады qazaqstan.tv. Шаһар шетіндегі өзендер мен тоғандарда адам қарасы қалың. Дегенмен дәрігерлер күн көзінен қорғануға шақырады.