Жаңалықтар
Жамбыл облысында қаржы пирамидасынан 200-ден астам азамат зардап шеккен
- авторjambylinfo.kz
- 26 қаңтар, 2024
- 315
Жамбыл облысында қаржы пирамидасынан 200-ден астам азамат зардап шеккен
Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2023 жылы жәбірленушілердің арыздары бойынша қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 3 қылмыстық істі тіркеп, жәбірленушілерге 45 млн теңге өндіріп берген. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Дереккөзге сүйенсек, Жамбыл облысында жұмысы тоқтаған қаржы пирамидаларының бірі - «Chia Tai Tianqinq Pharmaceutical Group». Аталған пирамида ұйымдастырушысына қатысты қылмыстық істі тергеу барысында сатып алынған пәтер түріндегі мүлік пен 10 млн теңгеден астам қаражат тәркіленген.
Сонымен қатар, былтыр өңірде қаржылық пирамида белгілері бар сайттарды жою кезінде 1013 сілтеме бұғатталған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз