Жаңалықтар

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған малшы ұсталды

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған малшы ұсталды

Полиция қызметкерлері Байзақ ауданында есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады деп хабарлайды Жамбылинфо. Ол өзі малшы болып жұмыс істейтін шаруа қожалығына жақын маңда ірі көлемде есірткі жасырған. Аумақты тексеру барысында жалпы салмағы 2 келі 840 грамм пакеттерге салынған «кептірілген марихуана» бар жасырын орындар табылды. Айтуынша, тыйым салынған заттарды өзі бір жыл бойы тұтыну үшін жинаған. Сараптама қорытындысы бойынша ер адам ұсталған сәтте есірткілік мас күйде болып шықты. Атап өту керек, малшы 200 жылқыдан тұратын табынға жауапты болған. -Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.