сәрсенбі, 18 наурыз, 2026 22:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында ҚАЖ қызметкерлерімен профилактикалық кеңес өтті

Жамбыл облысында ҚАЖ қызметкерлерімен профилактикалық кеңес өтті
Фото: ашық дереккөз
Кеңес қортындысы бойынша мекеме басшылығына және жеке құрамға нақты тапсырмалар  беріліп, олардың орындалуын қатаң бақылауға алынды.

Жамбыл облысы ҚАЖД №58 мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу бойынша жедел жиналыс өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2026 жылғы 18 наурыз күні Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №58 мекемесінде жеке құраммен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту мәселелері бойынша жедел отырысы өткізілді. 
Іс шараға Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖ Комитетінің өзіңдік қауіпсіздік басқарма бастығының орынбасары әділет подполковнигі Бекжігіт Сапарұлы Оспанбеков қатысып, баяндама жасады. 
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдың алу,  қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау,  қызметтік әдеп нормаларын ұстану және « Заң мен тәртіп » қағидасын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.
Б. С. Оспанбеков  қылмыстық-атқару  жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік  » қағидасы қолданылатының атап өттп, құқық бұзушылықтарға  жол берген қызметкерлерге қатысты қатаң шаралар қабылданатының жеткізді. 
Сонымен қатар жеке құрам арасында профилактикалық жұмыстарды күшеиту, қызметтік бақылауды арттыру қажеттігі айтылды. 
 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар