сенбі, 23 қараша, 2024 6:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында балалардың жол апатынан қаза болуы 4 есе артқан

Жамбыл облысында балалардың жол апатынан қаза болуы 4 есе артқан
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында балалардың жол апатынан қаза болуы 4 есе артқан
Жамбыл облысында жыл басынан 220 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 31 адам қаза тауып, 300-ден астамы түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Осы апаттардың 99 пайызында жүргізушілердің айыбы анықталған. Ал мас жүргізушілердің кінәсінен болған оқиғалар саны 16,7 пайызға артып отыр. «Жол-көлік оқиғаларының дені өкінішке қарай, жүргізушілердің жол ережелерін саналы түрде бұзуынан, жылдамдықты асырудан, жол белгілеріне қарамаудан болып отыр. Ал көз жұмған балалар санының 4 есеге дейін көбейгені ерекше алаңдаушылық тудырады. Айта кету керек, қаза тапқан балалардың бірде-біреуі автокреслоға отырғызылмаған. Ата-аналар автокөлік орындығын сатып алуды көбіне кейінге қалдырады. Бірақ бұл сәбидің өмірінен немесе денсаулығынан қымбат емес екенін ұмытпау керек. Мемлекет бүгінгі таңда апаттар санын азайту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін цифрландыруға өте көп қаражат бөледі. Алайда, жүргізушілер өзінің өмірі үшін ғана емес, басқа адамдардың тағдыры үшін де жауапты екенін түсінбейінше, мұның барлығы айтарлықтай нәтиже бермейді. Сондықтан, ең алдымен, жүргізушілер тәртібін қолға алуымыз керек», – дейді Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин. Жалпы, облыста жол-көлік оқиғаларының саны 17 пайызға, қаза тапқандар саны 26,2 пайызға, зардап шеккендер саны 22,8 пайызға төмендеген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар