Жаңалықтар
Жамбыл облысында білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды
- авторjambylinfo.kz
- 11 шілде, 2022
- 596
Жамбыл облысында білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды
Жамбыл облысында "Жас маман" жобасы шеңберінде бөлінген 171 миллион теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Жамбыл инфо, Қаржы мониторингі агенттігі мәліметіне сілтеме жасап.
ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті Білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
"Департамент қызметкерлері "Жас маман" жобасы шеңберінде бөлінген 171 миллион теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жобаның мақсаты - колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу", - делінген хабарламада.
ҚМА мәліметінше, қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі шыққаннан кейін қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданады.ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024