Жаңалықтар

Жамбыл облысында білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды

Жамбыл облысында білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды

Жамбыл облысында "Жас маман" жобасы шеңберінде бөлінген 171 миллион теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Жамбыл инфо, Қаржы мониторингі агенттігі мәліметіне сілтеме жасап. ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті Білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. "Департамент қызметкерлері "Жас маман" жобасы шеңберінде бөлінген 171 миллион теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жобаның мақсаты - колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу", - делінген хабарламада.