Жамбыл облысында биыл мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа 1 млрд. теңге қаржы қаралды - Еркін Үйсімбаев
Жамбыл облысында биыл мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа 1 млрд. теңге қаржы қаралды - Еркін Үйсімбаев
"Өңірде жыл басынан бері 4 500-ге жуық қоғамдық-саяси, мәдени іс-шаралар өткізілді. Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 148 жобаға 1 162,4 млн. теңге қаржы бөлінген. Ақпараттық салада 41 тақырыптық бағыттан тұратын медиа-жоспар бекітілсе, биыл мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа 1 млрд. теңге қаржы қаралды. Ал, 2023 жылы МӘТ аясында 142 жобаға 1 162,4 млн. теңге қаржы жоспарланып отыр." Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.
"Жамбыл облысында 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Облыстағы 371 елді мекеннің 32-де этностар тығыз орналасқан. Облыс әкімінің (2023 жылғы 4 сәуірдегі №35) өкіміне сәйкес, «Бейбітшілік пен келісім» жобасы ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Т. Рысқұлов, Мойынқұм, Шу, Қордай аудандарында болып, жоспарлы жұмыстар жүргізді. Нақтырақ айтсақ, «Этносаралық және конфессияаралық келісім» (І топ), «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту» (ІІ топ) және «Құқық қорғау» (ІІІ топ) жұмысшы топтары өз салалары бойынша 257 іс-шара (1-топ 134 іс-шара, ІІ-топ 122 іс-шара) ұйымдастырылды. Шараларға 10 684 адамды қамтылды (1- топ – 4 658 адам, 2-топ – 5 654 адам). Оның ішінде этностар тығыз шоғырланған және түйіткілді мәселелері бар елді мекендердің тұрғындарының проблемаларын нақты шешу бойынша 156 кездесу, 53 қоғамдық қабылдау, 9 семинар-тренинг, 14 ақпараттық-түсіндіру, 6 – зерттеу, 11 – мәдени іс-шаралар жүргізілді",- деді Еркін Құлынбайұлы.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары ҮЕҰ-ның қоғамдағы рөлі мен маңызын арттыратын құралдардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету жобалары екенін атап өтті.
"Жоспарланған қаржы көлемінің 78% астам жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен бөлімдер, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауға бөлінген",-деді Еркін Үйсімбаев.
Жамбыл облысын мемлекеттік тілдің қолдану аясы да кеңейген.
"Облыста мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 92,6%. Жастардың 77% қазақ тілінде білім алуда. Мемлекеттік мекемелерде құжат айналым 100% мемлекеттік тілде. 2022 жылы мемлекеттік тілді оқу курстарына 3547 адам қамтылса, оның 91% өзге этнос (3229) өкілдері. Жалпы, үш тіл (қазақ, орыс, ағылшын) бойынша өткен жылы барлығы 4 675 тыңдаушы тегін оқу курстарына қамтылды (орыс тілін оқу - 179, ағылшын тілін - 949 адам). Бүгінгі күні үш тілде 2618 тыңдаушы (орыс тілін оқу - 123, ағылшын тілін - 367 адам) оқытылуда. Тіл үйренушілерге тілдік орта қалыптастыру мақсатында «SŐİLE» клубы жұмыс істейді. Бұдан басқа әлеуметтік желіде 5 жоба – «Tarazlatyn», «Сауаттылық Time», «Мен қазақша сөйлеймін», «Termindi Bil» және «Til Bailyq» жобалары жүзеге асырылуда. Өңірде мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту бағытында жыл басынан 79 іс-шара ұйымдастырылып, 6 мыңға жуық адам қамтылды. Қоғамдық қатынастардың барлық саласында мемлекеттік тілде қызмет көрсету сапасын арттыру басты назарда."
Баспасөз конференция соңында Еркін Құлынбайұлына БАҚ өкілдері тарапынан сұрақтар қойылып, кейбір мәселер алдағы уақытта назарға алынатындығын жеткізді.