жұма, 11 қазан, 2024 5:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық - түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды

Жамбыл облысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық - түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық - түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ағымдағы жылдың 18-19 шілде аралығында Жамбыл облысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни – ағартушылық жұмысын, сонымен қатар діни эстремизімнің таралуын алдын алуға бағыттылған рухани-ағарту жұмысын ұйымдастыру шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізілді. Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Шағырбай А.Д., Мейірбеков Д.Е., Оразбаев Қ.И., Жақыпов Е.Ж. тартылды. 18 шілде Тараз қаласында облыстық дін істері басқармасының ғимаратында  теолог, дінтанушы, исламтанушы және психологтармен, «Тараз-Арена» спорт кешенінде спортшылар және жаттықтырушылармен, «Хибатулла Тарази» облыстық мешітте имамдар, ұстаздар және мешіт жамағатымен, Жалпақтөбе ауылы «Хаджи Тамаль» мешітінде мешіт жамағатымен, ЖД-158/4 и ЖД-158/7 түзету мекемелерінде сотталушылармен,   «Жастар ресурстық орталығында» өңір жастарымен және т.б. кездесулер өткізілді. Сондай-ақ 19 шілде Тараз қаласы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде әскери қызметкерлермен, қалалық полиция басқармасында пробация қызметінің қызметкерлері және тіркеуде тұрған азаматтармен, «Әулие ата» мешітінде мешіт жамағатымен, Бурыл ауылы мәдениет үйінде этно-мәдени бірлестігінің өкілдерімен, Аса ауылының мәдениет үйінде және «Бәйдібек баба» мешітінде ауыл тұрғындары мен мешіт жамағатымен және т.б. кездесулер өткізілді. Өткізілген іс-шараларда қала тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді. Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қазақстандық қоғамдағы әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін арттыруға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды. Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, сауалдарға тұжымды жауаптар алынды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар