жексенбі, 6 шілде, 2025 8:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында Экология департаментінің басшысы сотталды

Жамбыл облысында Экология департаментінің басшысы сотталды
Фото: freepik.com
Сот актісі заңды күшіне енді.

Таразда экология департаментінің басшысы мен зауыт қызметкерлері пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тараз қалалық сотының үкімімен Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Т. Смағұлов, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС бас директорының орынбасары Б. Полатбеков және осы кәсіпорынның экологы М. Асан қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сотта анықталғандай, департамент басшысы Смағұлов аталған зауытта экологиялық заңнаманың орындалуын тексеру барысында пара алған. Ал зауыттың екі өкілі оған заң бұзушылықтарға көз жұма қарағаны және жалпы қамқорлық көрсеткені үшін пара берген.

Үшеуі де кінәлі деп танылып, әрқайсысына 24 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, сот үкімімен олар мемлекеттік қызметте, сондай-ақ квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды иелену құқығынан өмір бойына айырылды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар