Жамбыл облысында экс-шенеунік екінші рет сотталды
Жамбыл облысында экс-шенеунік екінші рет сотталды
Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің басшысына тағы бір үкім шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Бұған дейін, 2021 жылы арнайы прокурорлар ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алу саласындағы кепілдік жарналарды қайтармау фактісі бойынша жоғарыда аталған бөлімнің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерген. Кейін аудандық соттың 2022 жылғы 19 мамырдағы үкімімен ол ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Оны тергеу абақтысынан түзеу мекемесіне жібергеннен кейін ұзақ уақыт өтпей, жаңа қылмыстық іс тіркелді.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-терсеру жүргізіліп, кейін қылмыстық іс сотқа жолданды. 2023 жылғы 20 қыркүйекте сот үкімімен бөлім басшысы осы қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ҚПК-нің 58-бабы 3-бөлігін қолдана отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Дереккөз: Halyq Uni порталынан