Жаңалықтар

Жамбыл облысында есірткі мен ішімдікке тәуелді 9 бала есепте тұр

Жамбыл облысында есірткі мен ішімдікке тәуелді 9 бала есепте тұр

Өткен жылы Жамбыл облысында сәби өлімі азайды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 2022 жылы облыс бойынша 345 071 бала профилактикалық тексеруден өткен, оның ішінде Тараз қаласында - 105 223, аудандарда – 239 848. Жыл қорытындысында облыс бойынша кәсіби тексеру жоспары 99,6% орындалды. Қаралғандар арасында 25 739 адам немесе 9,9% науқас бала анықталған. 25 739 баланың 11255-і диспансерлік есепке алынды, үлесі - 43,7%. Есепке алынған балаларды сауықтыру әрбір баланың тіркелген жері бойынша МСАК-та жүргізіледі. Наркологиялық есепте тұрған психоактивті заттарды тұтынушы 15-17 жас аралығындағы балалар саны - 9. Оның ішінде алкоголь тұтынатын 8 және анаша қолданатын бір бала бар.