Жаңалықтар

Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

Жамбыл облысының Полиция департаментімен ұзақ мерзімді жедел іс-шаралардың нәтижесінде облыс прокуратурасымен бірлесіп, Жамбыл өңірінде аса ірі мөлшерде «героин» есірткі затын өткізумен айналысатын ұлтаралық қылмыстық топқа қатысты ауқымды арнайы операция жүргізілді. 2022 жылғы 30 қарашада сағат 07:00-де қылмыстық топтың 6 қатысушысын бір мезгілде ұстау операциясы жүргізілді. Тінту шаралары барысында ұсталғандардан 1 келі 280 грамм "героин" есірткісі, сондай-ақ "гашиш" есірткі заты, "кептірілген марихуана" және синтетикалық есірткі тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі уақытта есірткі заттарының облыс аумағына түсу арналарын анықтау бойынша шаралар қабылдануда.