Жаңалықтар
Жамбыл облысында газ өндіретін кен орны іске қосылады
- авторМағжан Орынбасар
- 26 ақпан, 2025
- 246

Былтыр елімізде 59 млрд м³ газ өндірілген
Биыл Қазақстанда 62,8 млрд м³ дейін ұлғайту жоспарланып отыр,- деп хабарлайды
ҚР Энергетика министрлігінің дерегінше, келе жатқан газ сұранысын қанағаттандыру үшін Қашаған мен Жаңаөзен қалаларында жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жамбыл облысында жаңа «Барханная» кен орны пайдалануға беріледі.
- Елді газдандыру бағдарламасын іске асыру жалғасып жатыр. 2024 жылы Қазақстан халқының 61,8%-ы газға қол жеткізді. 2025 жылы газ тарату желісін одан әрі кеңейту жоспарланып отыр. Бірқатар ірі газ құбырларының құрылысы аяқталып жатыр. 2024 жылы Ақтөбе, Алматы және Маңғыстау облыстарында газ құбырларының жаңа учаскелері пайдалануға берілді,- делінген хабарламада.