Жамбыл облысында ірі көлемде синтетикалық есірткіні «Telegram» арқылы таратушылар ұсталды
Жамбыл облысында ірі көлемде синтетикалық есірткіні «Telegram» арқылы таратушылар ұсталды
Жамбыл облысының Полиция департаментіЕсірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні жеткізу арнасының жолын кесудемақсатқа бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларкешенін жүргізді.
Есірткі сатушылардың әрекетін жою бойыншаарнайы операция екі ай бойы жүргізілді.
Полицейлер синтетикалық есірткі заттарынсатуды, тыйым салынған заттарды жарнамалаудыжүзеге асырған 4 адамды анықтады.
Олардың бірі 26 жастағы Тараз тұрғыны Алматыдан Таразға есірткі жеткізу арнасынұйымдастырған. Ал 22 жастағы азамат Telegramарнасының әкімшісі болып табылады және есірткісаудасы желісіне (кепілгерлер, тасымалдаушыларжәне т.б.) персоналдарды жалдаумен айналысқан. Сонымен қатар, ол Атырау, Астана және Алматықалаларына «синтетика» өткізу арнасынұйымдастырған.
Қылмыстық әрекетке 19 жастағы (мәселелерді күшпен шешу) және 23 жастағы тұрғындардың да (курьер) қатысы бар.
Оларды Тараз қаласындағы ҚР ҰҰ «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлініс және ПД Есірткіқылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құрықтады.
Оқиға орнында Жамбыл облысының аумағында синтетикалық есірткілерді өткізу және таратуға қатысты хабарлама жазбалар жазылған ұялы телефондар тәркіленді.
Сондай-ақ, сараптама нәтижелеріне сәйкес, жалпы салмағы 608,17 гр «мефедрон» болыптабылатын есірткі заты тәркіленді. Тінтубарысында жалпы салмағы 33,56 гр «мефедрон» 22 жастағы ұсталған азаматтан да табылды.
- Ұсталған азаматтар кінәсін мойындап, Таразқаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткізаттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарыбасталды. Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазақарастырылады, - деп атап өтті Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигіӘлім Бажықбаев.