Жаңалықтар
Жамбыл облысында ҰҚК прокуратурамен бірлесіп есірткі арнасының жолын кесті
- авторjambylinfo.kz
- 14 ақпан, 2025
- 250
Қаңтар айында Шу ауданында 25 кг гашишті сатуға әрекет жасаған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.
Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қаңтар айында Шу ауданында 25 кг гашишті сатуға әрекет жасаған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Тергеу барысында тәркіленген есірткі заттарды солтүстік өңірлерге жөнелтпек болғаны анықталды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз