Жаңалықтар

Жамбыл облысында кәсіпкер 601 млн теңге салық төлеуден жалтарғаны анықталды

The final spritzer

Жамбыл облысында кәсіпкер 601 млн теңге салық төлеуден жалтарғаны анықталды

Жамбыл облысында 601 млн теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер 4 жылға сотталды. «ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті «АНК-Энерго» ЖШС директоры Түлкібаев Б.Т.-ға қатысты 601,5 млн теңгеге жуық сомаға бюджетке салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Нәтижесінде сот үкімімен Түлкібаев Б.Т. кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды» делінген хабарламада. Мәліметке сай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ЖШС-нің 285,8 млн теңге мүлкіне тыйым салынды.