Жаңалықтар
Жамбыл облысында катодты мыс өндіретін зауыт іске қосылады
- авторjambylinfo.kz
- 10 қараша, 2023
- 319
Жамбыл облысында катодты мыс өндіретін зауыт іске қосылады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бірқатар ірі компаниялардың өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында "Shagala-Mining" ЖШС директоры Алексей Антонишин Мойынқұм ауданында катодты мыс өндіру бойынша ірі инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы баяндады.
2021-2024 жылдар аралығында іске асуы жоспарланған жобаның жалпы құны - 50,6 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған.
"Golden Compass Capital" компаниясы Т. Рысқұлов ауданындағы Көкқия шатқалында алтын өндірумен және өңдеумен айналысады.
Жыл сайын мұнда 300-400 килограмм алтын өндіріледі, сонымен бірге көрші учаскелерде барлау жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, "Golden Compass Capital" АҚ Басқарма төрағасы Азамат Набенов өндірістерін кеңейту жоспарымен бөлісті.
Компания 800 келіге дейін алтын өндіруді, Әулие шатқалында барлау жұмыстарын үш жыл ішінде аяқтауды, құрамында алтыны бар кенді өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр.
Кездесулер барысында экологиялық заңнаманы сақтау, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру, кәсіпорындар үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, осы күні Ербол Қарашөкеев пен "Samruk-Kazyna Ondeu" ЖШС басқарма төрағасы Данияр Мәулетов, басқарушы директоры Жандос Оразалиев энергетика саласындағы кәсіпорындарды кеңейту мәселесін талқылады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала