Жамбыл облысында мас күйде көлік басқарған шетелдік 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
Медициналық сараптама жүргізушінің "орташа дәрежеде" масаң күйде болғанын растады.
Меркіде масаң күйде көлік басқарған шетелдік 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Патрульдік полиция қызметкерлері Меркі - Шу - Бурылбайтал тасжолының бойында күдік тудырған DAF автокөлігін тоқтатты. Полиция қызметкерлері тексеру барысында көлікті басқарған 31 жастағы өзбекстандық азаматтың масаң күйде екенін байқады.
Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімі бойынша сот шешімімен 15 тәулікке бас бостандығынан және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.