дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 12:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Жамбыл облысында балаларды заңсыз діни ұйымдардың жұмысына тартумен айналысқан, мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Жамбылинфо  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 24 қаңтарда сағат 20:00 шамасында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері Жамбыл облысының ҰҚКД-мен бірлесіп 35 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын қолға түсірген.
«Ер адам 2018 жылдан бері Өзбекстан Республикасы ҚК-нің 216-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды заңсыз қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың қызметіне қатысуға итермелеу) көзделген қылмысты жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған», - делінген хабарламада.
Ұсталған қылмыскер Тараз қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілетін болады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар