Жаңалықтар
Жамбыл облысында найзағайдан бір үйір жылқы қырылып қалды
- авторjambylinfo.kz
- 12 шілде, 2023
- 315
Жамбыл облысында найзағайдан бір үйір жылқы қырылып қалды
Бұл оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы таулы аймақта Тереңөзек ауылына жақын жерде болған. Шығынға батқан шаруалардың бірі Нұрболат Мырзақұлов 20 жылдан бері бақша егіп, мал шаруашылығымен айналысады. Осыдан 2 жыл бұрын 3,5 миллион теңге кредит алған. Ол ақшаға жылқы сатып алыпты. Бірақ оқыс оқиғадан 10 жылқысы өліп, қорасы қаңырап қалды. Нұрболатпен қоса ауылдағы 7 үйдің 26 бас жылқысын найзағай сұлатып түсіріген. Өлген малдың құнын кімнен дауларын білмей басы қатқан тұрғындар аудан әкімдігінен көмек сұрап отыр.
Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, ресми төтенше жағдай жарияланған жағдайда және мал арасында жаппай ауру тараған кезде шығындар мемлекет тарапынан өтеледі. Ал осы жолғы жағдайды терең зерделеу керек. Аудан әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз