Жаңалықтар

Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі?

Бүгінде аймақта 6 Ұлы Отан соғысының ардагері бар

Биыл ҰОС аяқталғанына 80 жыл толады. Осы маңызды датаға  орай, жымбылдық ардагерлерге жергілікті бюджеттен 1,5 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.            

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірде бүгінгі таңда 6 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрып жатыр. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуына орай, ардагерлерге жергілікті бюджеттен 1,5 миллион теңге көлемінде біржолғы сыйақы беріледі.