сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 22:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ПЕДАГОГТЕР 24 МЛН ТЕҢГЕ ЗАҢСЫЗ ЖАЛАҚЫ АЛҒАН

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ПЕДАГОГТЕР 24 МЛН ТЕҢГЕ ЗАҢСЫЗ ЖАЛАҚЫ АЛҒАН
ашық дереккөзі
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ПЕДАГОГТЕР 24 МЛН ТЕҢГЕ ЗАҢСЫЗ ЖАЛАҚЫ АЛҒАН
Бұл қаражат негізінен мүгедектігі бар 225 баланы үйде оқыту үшін бөлінген. Бірақ мектеп мұғалімдері мүлдем сабақ бермесе де жалақы жаздырып, алып келген. Мұндай заңсыздық 6 бірдей ауданнан анықталды. Олардың ең ауқымдысы Байзақ ауданында. Ондағы 26 мектептің 30-ға жуық мұғалімі өткізбеген дәріс үшін 11 миллион 200 мың теңге жалақы алған. Заң бұзушылықты прокуратура өкілдері анықтады. Осы іске қатысы бар делінген 253 білім саласының қызметкері жауапқа тартылды. Облыста 8 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар. Оның 10 пайызы үйден оқытылады. Еркін Қуанышев, облыс прокурорының аға көмекшісі: - 50-ден аса мектеп директорларының, 6 аудандық білім бөлімі басшыларының, 100-ден аса мектеп директорлары орынбасарларының тәртіптік жауапкершіліктері қаралды. Ең бастысы, үкіметке келтірілген 24 миллион теңге бюджетке кері қайтарылып орнына қойылды. Осы заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатында. Ай сайын салыстырмалы акт жасалатын болды. Міндеттелді. Дереккөз: Хабар24.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар