Жаңалықтар
Жамбыл облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсап қаза тапты
- авторjambylinfo.kz
- 13 ақпан, 2025
- 389

Оқыс оқиға Тараздан бес шақырым жердегі Жасөркен ауылында орын алған.
«ГРЭС бекетінде МКҚБ полиция сержанты 2003 жылы туған Зиилда А.Е., өзіне бекітілген ПМ тапаншасымен басына оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады», – деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпараттық порталы ZTB News телеграм каналына сілтеме жасап.
Оқиға орнында полиция департаментінің басшылығы, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері, сондай-ақ кезекші жедел–тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
"Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеудің толықтығы, объективтілігі және жан-жақтылығы үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде", – деп хабарлады полиция департаменті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала