Жамбыл облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсап қаза тапты
Оқыс оқиға Тараздан бес шақырым жердегі Жасөркен ауылында орын алған.
«ГРЭС бекетінде МКҚБ полиция сержанты 2003 жылы туған Зиилда А.Е., өзіне бекітілген ПМ тапаншасымен басына оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады», – деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпараттық порталы ZTB News телеграм каналына сілтеме жасап.
Оқиға орнында полиция департаментінің басшылығы, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері, сондай-ақ кезекші жедел–тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.