Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып кетті
Жамбыл облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып, салдарынан жолаушылар пойызы кідіріп жатыр, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат -қа сілтеме жасап.
Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 шілде сағат 01.29-да Шу ауданында Аспара станциясында вагондар рельстен шығып кеткен.
«Тараз - Шу» бағытындағы жүк пойыздарының вагондары рельстен шығып кетті. Салдарынан жолаушылар пойызы кідіріп жатыр. Осыған байланысты Жамбыл облыстық ТЖД азаматтарды психологиялық қолдау үшін «жедел желі» ашты. Жедел желі телефондары - 8(726 )51-35-75, 8(726) 41-41-67», - деп түсіндірді ведомстводан.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз