Жаңалықтар

Жамбыл облысында ұрланған мал иесіне қайтарылды

Жамбыл облысында ұрланған мал иесіне қайтарылды

Осыдан бірнеше күн бұрын Жамбыл ауданының полиция бөліміне 70 жастағы тұрғын хабарласқан. Ол жайылымдағы жылқыларын белгісіз біреулердің айдап кеткенін айтып, шағым түсірді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көршілес Алматы облысында үш күдікті анықталып, ұсталды. Олар Жамбыл облысының тұрғындары болып шықты. Нұржан Қалметов, облыстық ПД басшысының орынбасары: – Күдіктілер өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы сомасы 9 миллион теңгені құрайтын жылқыларды полицейлер Алматы облысынан тауып, иесіне қайтарды. Осыған байланысты ауыл тұрғындарын малды қараусыз қалдырмауға шақырамыз.