Жаңалықтар
Жамбыл облысында «Сұлутөр - Ботамойнақ» табиғи қорығы құрылмақ
- авторjambylinfo.kz
- 24 шілде, 2023
- 748
Жамбыл облысында «Сұлутөр - Ботамойнақ» табиғи қорығы құрылмақ
Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы «Сұлутөр - Ботамойнақ» шағын мемлекеттік табиғи қорығы құрылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Т.Рысқұлов және Жамбыл аудандарының аумақтарында жергілікті маңызы бар «Сұлутөр – Ботамойнақ» мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін резервіленген жер учаскелерінің қоса беріліп отырған орналасу жоспары (сызбасы) мен экспликациясына сәйкес (1, 2 - қосымшалар) шекаралар шегінде жалпы алаңы 128 846 гектар жер учаскесі оларды пайдалану құқығына шектеулер (ауыртпалықтар) белгiлемей 12 ай мерзімге резервте қалдырылсын», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің қаулы-жобасында.
Шағын қорықты құру үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. Яғни, оны жасақтау облыстың бекітілген қаржы шегінде жүзеге асады.
Қаулы жобасы 7 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жаңа оқу жылында ЖОО педагогтері қанша жалақы алады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






