Жаңалықтар

Жамбыл облысында үш электр станциясы салынады

Жамбыл облысы жаңартылатын энергия кешені қарқынды дамып келе жатыр.

Соңғы үш жылдың ішінде бірқатар ірі және кіші қуаттағы жобалар іске асырылған. Ал алдағы жылдары тағы үш электр станциясы салынбақ. Бұл туралы облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Дамир Тұңғатов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оның сөзінше, облыста дәл осы сала инвесторлардың назарына ілігіп келе жатқан көрінеді.

Айта кету керек, Үкімет елдегі энерге­ти­­калық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті арттыру мақ­сатында Электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын қабылдады. Оған сәйкес қолданыстағы жобаларды жаңғыртудың бірқатар жо­басы іске асырылмақ. Президент электр энергетикасы – ел экономикасының «тамырына қан жүгіртіп», тұрақты дамуға негіз болатын бірегей сала екенін айтып, өз Жолдауында кемінде 14 ГВт көлемінде қосымша қуат көздерін іске қосуды тапсырған еді. Мамандар бұл тапсырманы орындау үшін энергетика саласы тез дамуға тиіс екенін айтады.