дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында суару жабдықтарын құрастыратын 2 зауыт салынады

Жамбыл облысында суару жабдықтарын құрастыратын 2 зауыт салынады
ашық дереккөз
Түркиялық инвесторлар Жамбыл облысында суару жабдықтарын құрастыратын екі зауыт салмақ, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Анкараға (Түркия) сапары барысында Жамбыл облысында инвестициялық жобаларды іске асыру туралы келісімге, тұқым шаруашылығы және инвестиция тарту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.

Жамбыл облысында суару зауыттарын салуға дайын екенін айтқан «Ardent Plastik A.S.» Түркиядағы жетекші компанияның бірі саналады. Жоғары сапалы суару өнімдерін, соның ішінде жаңбырлату жүйелерін, тамшылатып суару құбырларын, пластикалық құбырлардың бірнеше түрін шығарады. Компания 1979 жылы құрылған, өнімдерін 35-тен астам халықаралық нарыққа шығарады. «Atlantis» компаниясы 1998 жылы Ыстанбұлда құрылған. Ауыл шаруашылығындағы суару, тамшылатып суару жүйелерін, ландшафттық (рекреациялық) суару жүйелерін, ықшамдалған құрылыс жабдықтарын өндіруге және орнатуға маманданған. Сондай-ақ жылыжай құрылымдары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарады.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ауыл өнеркәсібін дамыту жайлы айтты.

«Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет. Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады», - деді Тоқаев.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар