Жаңалықтар

Жамбыл облысында тұмаумен ауырғандардың 60 пайызы - бала

Жамбыл облысында тұмаумен ауырғандардың 60 пайызы - бала

Мамандардың айтуынша, сырқаттанғандардың көп болуына ауа райының күрт жылынып кетуі әсер етті. Аймақта өткен жылдың қазан айынан бастап, желтоқсанның соңына дейін 41 072 адам вирустық инфекция жұқтырған. Оның ішінде зертханалық талдау нәтижесімен тұмаудың 66 түрі анықталған деп хабарлайды Жамбылинфо. Сондай-ақ өзге де инфекциялардың 25 түрі тіркелген. Қазір облыс бойынша тұмау, өкпе қабынуымен ауыратын науқастарға стационарлық көмек көрсететін 11 инфекциялық бөлімше жұмыс істеп тұр. Өңірде тұмаудан адам өлімі тіркелген жоқ.