Жамбыл облысында тұрғын үйде өрт болып, 50-ден астам адам құтқарылды
Жамбыл облысында тұрғын үйде өрт болып, 50-ден астам адам құтқарылды
Тараз қаласындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Оқиға орнына Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел жетіп, баспалдақ арқылы 50 адамды эвакуациялап, қауіпсіз жерге көшірді. Оның 20-сы — бала.
Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігерлері мен психологтері аталған көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарына психологиялық көмек көрсетті.«Өрт сағат 12.44-те оқшауланып, сағат 12.47-де жойылды. Өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 33 қызметкері мен 7 бірлік техника жұмылдырылды», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

