жексенбі, 7 шілде, 2024 11:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясына 22 мыңға жуық адам қатысты

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясына 22 мыңға жуық адам қатысты
ашық дереккөз
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясына 22 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Таза өлке», «Киелі мекен», Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» атты экологиялық апталарға бөлінген тазалау жұмыстарына жалпы облыс бойынша 21 640 мыңға жуық адам қатысып, 543 кәсіпорындар мен ұйымдарды атсалысты. Іс-шаралар аясында 231 бірлік техника жұмылдырылып, көше мен аула, саябақ пен скверді қоса алғанда жалпы саны 1093 аймақ қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ 27 365 тал-ағаштар отырғызылды.

Айта кету керек, Президент тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы республика бойынша 8 сәуірде басталды. Акция бес аптаға созылып, әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады. 13 сәуірге дейін созылған бірінші аптаның атауы «Таза өлке» болды: осы «жеті күн» ішінде елді мекендердің тұрғындары, қоғамдық қызметкерлер, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартып отырды. 20 сәуірге дейінгі апта «Киелі мекен» деп аталады және тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналған. 27 сәуірге дейін «Жасыл аймақ» тақырыбында ағаш көшеттері отырғызылып, ағаштар әктеледі. 4 мамырға дейін «Өнегелі ұрпақ» деп аталады және ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын жинауға және абаттандыруға арналады. Соңғы, бесінші аптада «Мөлдір бұлақ» атауымен су қоймалары - өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар