Жаңалықтар
Жамбыл облысында өткен тәулікте 23 адам коронавирус жұқтырды
- авторjambylinfo.kz
- 12 шілде, 2022
- 200
Жамбыл облысында өткен тәулікте 23 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 482 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Жамбыл инфо,ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 310 370-ке жетті. Өткен тәулікте анықталғандардың ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 123,
Алматы қаласында - 205,
Шымкент қаласында – 28,
Ақмола облысында – 1,
Ақтөбе облысында –3,
Алматы облысында - 29,
Атырау облысында - 15,
Шығыс Қазақстан облысында - 5,
Жамбыл облысында - 23,
Батыс Қазақстан облысында - 4,
Қарағанды облысында - 28,
Қостанай облысында - 0,
Қызылорда облысында - 6,
Маңғыстау облысында - 4,
Павлодар облысында - 4,
Солтүстік Қазақстан облысында - 0,
Түркістан облысында 4 адам қауіпті індетке шалдыққан.
Ал осы тәулікте 108 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Нұр-Сұлтан қаласында - 57, Алматы қаласында - 48, Павлодар облысында 3 тұрғын ауруынан айығып, қатарға қосылды.
Елімізде барлығы 1 293 556 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала