Жаңалықтар

Жамбыл облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 40 адам жұқтырған

Жамбыл облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 40 адам жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1104 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Жамбыл инфо, Қазақпарат сайтына сілтеме жасап. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында - 328, Алматы қаласында - 350, Шымкент қаласында – 102, Ақмола облысында – 14, Ақтөбе облысында – 10, Алматы облысында - 88, Атырау облысында - 18, Шығыс Қазақстан облысында - 13, Жамбыл облысында - 40, Батыс Қазақстан облысында - 11, Қарағанды облысында - 58, Қостанай облысында - 15, Қызылорда облысында - 16, Маңғыстау облысында - 12, Павлодар облысында - 10, Солтүстік Қазақстан облысында - 10, Түркістан облысында 9 індет жұқтырған. «Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 312 294-ке жетті», - деп жазды комиссия. Осы күні елімізде 334 тұрғын қауіпті індеттен жазылып шыққан. Нұр-Сұлтан қаласында - 69, Алматы қаласында - 230, Алматы облысында - 14, Қарағанды облысында - 17, Қостанай облысында - 3, Түркістан облысында 1 адам үйлеріне оралды. Елімізде барлығы 1 294 233 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.