Жамбыл облысында витреоретинальды хирургия бойынша алғашқы шеберлік сыныбы өтті
- авторjambylinfo.kz
- 4 наурыз, 2025
- 335

Жамбыл облысында витреоретинальды хирургия бойынша алғашқы шеберлік сыныбы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жалпы алғанда витреоретинальды хирургия дегеніміз – көздің шыны тәрізді денесі мен тор қабатына жасалатын күрделі операциялар жиынтығы. Жамбыл облыстық офтальмология орталығы Alcon (АҚШ) компаниясының CONSTELLATION жүйесін сатып алып, жоғары дәлдіктегі хирургиялық әдістерді енгізді.
Операциялар кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында жүргізіледі. Бұл әдіспен көз торының ажырауы, ұйымдасқан гемофтальм, витреомакулярлық тракциялық синдром және толық дислокацияланған ИОЛ секілді диагноздар бойынша ем жасалады. Пациенттер тәулік бойғы стационарда ем алады.
Шеберлік сыныбында жетекші офтальмологтар заманауи әдістермен бөлісті. Бұл бастама өңірдегі көз ауруларын емдеудің сапасын арттырады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 шілде, 2025
Елорда күніне байланысты ХҚКО-лар уақытша жұмысын тоқтатады
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 шілде, 2025