жұма, 5 желтоқсан, 2025 23:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысындағы «ҚазАвтоЖол» филиалына 1,9 млн теңге айыппұл салынды

Жамбыл облысындағы «ҚазАвтоЖол» филиалына 1,9 млн теңге айыппұл салынды
Фото - ашық дереккөз
Сот шешімі заңды күшіне енді.

  2025 жылғы ақпанда әкімшілік полиция инспекторы «Алматы–Ташкент–Термез–2» республикалық маңызы бар автожолдың «ескі Күйік асуы» арқылы өтетін учаскесіне техникалық тексеру жүргізген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz atamekenbusiness сілтеме жасап. 

Тексеру нәтижесінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты 13 құқықбұзушылық анықталып, оларды жою туралы нұсқама берілген. Алайда, белгіленген мерзім ішінде аталған бұзушылықтар жойылмаған.

Нәтижесінде, сот қаулысымен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Жамбыл облысындағы филиалына  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабы, 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, ұйымға 500 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 1,9 млн теңге) көлемінде айыппұл салынды.

 

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар