бейсенбі, 1 мамыр, 2025 3:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысындағы мотоциклшіге шабуыл: адвокат жәбірленушіге қысым көрсетіліп жатқанын айтты

Жамбыл облысындағы мотоциклшіге шабуыл: адвокат жәбірленушіге қысым көрсетіліп жатқанын айтты
Pixabay.com
Жамбыл облысында жанармай құю бекетінде пышақ жарақатын алған мотоциклші қорғауға алынды. Бұл шара оның адвокатының өтінішімен жүзеге асырылды.

Күні кеше Александр Ярцевтің мүддесін қорғайтын Закир Асадов ішкі істер министріне жүгінді. Оның айтуынша, күдіктінің туыстары жәбірленушіні арызынан бас тартуға үгіттеп жүр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алдымен олар Александраны Меркідегі ауруханадан тапқан. Кейін ол Алматыға ауысқан соң, сол жақтағы медициналық мекемеге де барған.

Адвокат Ержан Саденовтен Ярцевке тәулік бойы күзет ұйымдастыруды сұрады.

Сондай-ақ, Закир Асадов оқиғаны «бұзақылық» емес, «кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша қайта саралау қажет екенін айтты.

Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі бұл мәселе тергеу амалдарынан кейін, прокуратурамен келісіп шешілетінін мәлімдеді.

"Қылмыстық іс Жамбыл облысы полиция департаментінің тергеу басқармасына берілді. Арнайы тергеу-жедел тобы құрылып, оның жұмысына үйлестіру жүргізу үшін ІІМ Орталық аппаратының қызметкерлері аттанды. Оқиға жан-жақты және толық тергеледі", – делінген ведомство түсініктемесінде.

Адвокаттың өтінішіне байланысты Ярцевке полицейлерден құралған күзет бөлінді.

ІІМ бұл істің тергелу барысы Ержан Саденовтің ерекше бақылауында екенін еске салды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар