Жамбыл облысындағы сейсмикалық ахуал ТЖМ бақылауында
- авторАрайлы Жақсылық
- 30 наурыз, 2025
- 167

Сейсмологиялық станциялар желісі Меркі ауданында эпиорталық аймағында орналастырылған. Триангуляция әдісімен жұмыс істейтін үш қосымша жылжымалы станция орнатылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Олар эпиорталықтан 30-80 км радиуста: жер қыртысының қозғалысын, жер асты микродүмпулерді және жер асты шуларды анықтайды.
Бұл деректер ықтимал афтершок белсенділігін егжей-тегжейлі зерттеуге және ықтимал тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік береді.
Жиналған деректер жедел режимде сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссияның талдауы мен жұмысы үшін Орталық сейсмикалық обсерваторияға беріледі. Нәтижесінде қорытынды дайындалып, Қазақстан ТЖМ Командалық орталығына жіберіледі. Бұл нақты уақыт режимінде жағдайды талдауға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысында ТЖМ СБЗҒО 9 сейсмологиялық станциясы жұмыс істейді, олардың бірі – кешенді, бірнеше параметрлерді талдау мүмкіндігі бар. Қосымша станциялар бақылау дәлдігін жақсартады және сейсмикалық белсенділіктің өзгеруіне жедел ден қоюға көмектеседі.
Қазақстан ТЖМ жағдайды бақылауда ұстап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.