сейсенбі, 18 наурыз, 2025 15:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында қызмет бабымен жүрген полиция қызметкері қаза тапты

Жамбыл облысында қызмет бабымен жүрген полиция қызметкері қаза тапты
Жамбыл облыстық полиция департаменті
Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті мәлімдеді

11 ақпан күні сағат 19:40 шамасында «Алматы-Ташкент» автожолының 203-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. «Volkswagen Passat» маркалы көліктің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік полиция автокөлігімен соқтығысқан, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Апат салдарынан патрульдік көліктегі екі полиция қызметкері түрлі жарақаттармен Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Өкінішке қарай, патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Үшкемпір Абай Бақытбекұлы 12 ақпан күні жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Абай Үшкемпір ішкі істер органдарында 2017 жылдың 14 желтоқсанынан бері қызмет еткен. Ол 2025 жылдың 6 ақпанында қазіргі қызметіне тағайындалған. Ерен еңбегі үшін 9 мәрте марапатталған.

Жамбыл облысы Полиция департаменті марқұмның жақындарына қайғырып, көңіл айтады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар