
Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясынын президенті Марат Омаровтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Президенттің айтуынша жаңа толық көлемді футбол алаңдарын салу және қолданыстағы нысандарды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
"Федерация толық көлемді футбол алаңдарының санын арттырып, бұған дейін жарияланған стадиондар, жабық манеждер мен футбол академияларының құрылысын жалғастырады. Сондай-ақ, спорттық нысандарды жаңарту бойынша жергілікті атқарушы органдармен және инвесторлармен бірлесе жұмыс атқарамыз," – деді Марат Омаров.
2025 жылы "Алаң" бағдарламасы аясында тоғыз жаңа футбол алаңы пайдалануға беріледі. Олардың қатарында Жамбыл облысында салынатын жаңа алаң да бар. Бұл аймақ футбол дәстүрі қалыптасқан өңірлердің бірі болғандықтан, жаңа инфрақұрылым жасөспірімдер мен әуесқой футболды дамытуға үлкен мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Федерация Қызылорда, Семей және Астана қалаларында жаңа стадиондар салу, сондай-ақ Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында спорттық нысандарды жаңарту бойынша кеңес беру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бүгінде Қазақстанда толық көлемді бір футбол алаңына жиырма алты мың адамнан келеді. Ал Англияда бұл көрсеткіш – бір жарым мың адам. Германияда – екі мың, Италияда – екі мың жарым. Ресейде – он екі мың жарым. Сандардың өздері-ақ айтып тұр», - деді Федерация президенті.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда «Шаңырақ күні» перзентханадағы аналарға құрмет көрсетілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 наурыз, 2025