Жаңалықтар
Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза болды
- авторjambylinfo.kz
- 13 шілде, 2024
- 1.0k
Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр.
Полиция тағы 5 адам жарақат алғанын, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында бірнеше көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 5 адам ауруханаға жатқызылды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды-деп жазды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз