Жаңалықтар
Жамбыл облысында жарты жылда 148 егіз сәби өмірге келген
- авторjambylinfo.kz
- 8 шілде, 2021
- 216
Жамбыл облысында жарты жылда 148 егіз сәби өмірге келген
Жамбыл облысыда жыл басынан бері 148 егіз дүние есігін ашқан.
Жамбыл облысында биылғы қаңтар-шілде айларында барлығы 13 926 сәби өмірге келген. Бұл туралы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Жалпы алты айда туған 13926 сәбидің 7138-і ұл бала болса, 6788-і қыз. Оның арасында 148 егіз бар. Үшем тіркелген жоқ»,-делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ, басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, осы аралықта өмірге келген шақалақтардың ең кішкентайының салмағы 501 грамм болып тіркелген. Ол – ұл бала.
Ал, ең ірісі де ұл бала, оның туған кездегі салмағы 5850 граммды құраған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз