Жаңалықтар

Жамбыл облысында жаяу жүргіншілер кінәсінен жолда 8 адам қаза тапқан

Жамбыл облысында жаяу жүргіншілер кінәсінен жолда 8 адам қаза тапқан

Жамбыл облысында жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің кінәсінен 113 жол-көлік оқиғасы орын алған. Жол-көлік апаттары салдарынан 8 адам қаза тауып, 109 адам түрлі жарақат алды. Соның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 39 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 42 бала зардап шекті. «Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол жүру ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы бойынша 3 338 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Тәртіп сақшылары азаматтарды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырып, қауіпсіздік шараларын бұзбауды ескертеді.