Жамбыл облысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен полицей тергеліп жатыр
Жамбыл облысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен полицей тергеліп жатыр
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының Луговой стансасында полицей қызметтік көлігімен жаяу жүргінші жолағында қыз баланы қағып кетті, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр. «Жаяу жүргіншінің сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартуына байланысты полиция қызметкеріне қатысты «Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу», яғни, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 600-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Аталған бап 10 айлық есептік көрсеткіш немесе 34 500 теңге көлемінде айыппұл салуды көздейді», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында Жигули Дайрабаевтың тұрғын үйге иелік етуге қатысты сот процесінде жеңіліп қалғанын хабарлаған болатынбыз. Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, Саид Рузиев сотқа арызбен жүгініп, 2021 жылдың 5 қарашасында жасалған тұрғын үйді сату-сатып алу туралы мәмілені жарамсыз деп тану, жұбайы – Р.Ф. арасындағы жылжымайтын мүлікті бірлескен ортақ мүлік деп тану, Меркі ауданы Сарымолдаев ауылында орналасқан жылжымайтын мүлікте өз үлесін ½ бөлігі мөлшерінде анықтауды сұраған.