дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 22:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында жеке құрамды жаппай тәртіпсіздіктер кезіндегі әрекетке психологиялық даярлау бойынша семинар өтті

Жамбыл облысында жеке құрамды жаппай тәртіпсіздіктер кезіндегі әрекетке  психологиялық даярлау бойынша семинар өтті
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында жеке құрамды жаппай тәртіпсіздіктер кезіндегі әрекетке психологиялық даярлау бойынша семинар өтті
Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Психологиялық қызмет тобының бас маман психологы Елгембаева Ғалияның ұйымдастыруымен «Жеке құрамды террористік қатерлер мен жаппай тәртіпсіздіктерге психологиялық даярлау» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басшылық құрамы қатысты. Аталған іс шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаменті Психологиялық әлеуметтануды қамтамасыз ету маманы Амангелді Ажар «Күйзеліс жағдайында эмоционалды күйді басқару» тақырыбында сөз сөйлеп, тәртіпсіздіктер мен төтенше жағдайда жауынгердің өзін-өзі басқаруы мен тиімді қызмет атқарудың нақты нұсқаулықтарын ұсынды. Террористік қатерлер мен жаппай тәртіпсіздіктерге жеке құрамды психологиялық тұрғыдан алдын ала дайындау жауынгерлердің саулығы мен қызметінде айтарлықтай тиімділікті арттыратыны жөнінде тілге тиек етті. Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті психологиялық қызметі бастығының орынбасары Артықбаева Нағима өз кезегінде интеллектуалды ойын өткізді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының психолог капитаны Атаханова Дина «Біз біргеміз!» тренингімен ауызбіршілікті арттыратын жаттығуларды өткізді. Аталған іс шараның маңыздылығы жөнінде және тоқсан сайын жалғасын табатынын Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Қосыбаев Мақсат Амантайұлы баса атап өтті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар