жексенбі, 6 қазан, 2024 14:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында жылыту маусымы 10-15 қазан аралығында басталады

Жамбыл облысында жылыту маусымы 10-15 қазан аралығында басталады
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында жылыту маусымы 10-15 қазан аралығында басталады
Облыстағы әр аудан өздерінің жергілікті сыртқы ауа температурасын негізге ала отырып, ағымдағы жылдың 10 - 15 қазан аралығында жылыту маусымын бастайтын болады. Бұл туралы облыстық ӨКҚ алаңында Жамбыл облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары айтты. --- Өңірде 9 негізгі жылу энергетика кәсіпорындары және 565 автономды қазандықтар бар.Олармен жалпы 1 647 көпқабатты тұрғын үй, 782 білім, 388 денсаулық сақтау, 467 мәдениет, 81 спорт нысандары жылумен қамтамасыз етіледі. Қолданыстағы нормаларға сәйкес (ҚР ҚН 2.04.-03-2011 «Ғимараттардың жылу қорғанысы»), сыртқы ауа температурасы 5 күн бойы +8°C-қа тең немесе төмен болған жағдайда жылыту маусымы басталуы керек. Бірінші кезеңде денсаулық сақтау және білім нысандары жылу жүйелеріне қосылатын болады.Жалпы қала бойынша жылыту маусымы ағымдағы жылдың 10 қазанынан басталады.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар