Жаңалықтар
Жамбыл облысының 1745 тұрғыны сырттай мүгедектікті рәсімдеді
- авторjambylinfo.kz
- 23 қыркүйек, 2022
- 145
Жамбыл облысының 1745 тұрғыны сырттай мүгедектікті рәсімдеді
Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен Цифрлық даму министрлігінің мүгедектікті сырттай куәландыру жөніндегі бірлескен жобасы 2021 жылдың қазан айынан бастап 12 ауру бойынша іске қосылды, оның ішінде барлық қатерлі ісіктер енгізілді.
Мүгедектік тобын анықтау бойынша қызмет алу үшін пациент тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексерулерден өтуі қажет, ал қалған процестер оның қатысуынсыз ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау есебінен өтеді. Еліміздің емханаларында қажетті медициналық құжаттаманы қалыптастыру құралы ретінде медициналық ақпараттық жүйелер (МАЖ) пайдаланылады. Тараз қаласының және облыстың емханаларында «Damumed» МАЖ жұмыс істейді, ол дәрігерлерге электрондық құжаттар пакетін қалыптастыру үшін цифрлық құралды ұсынады, ол электрондық үкімет шлюзінің тетіктері арқылы денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне және одан әрі Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жүйесіне автоматты түрде жіберіледі..
Пациенттер үшін мүгедектікті сырттай куәландыруға немесе қайта куәландыруға құжаттарды беру рәсімі мынадай: егер мүгедектік алғаш рет белгіленсе, онда пациенттің бастамасы бойынша және пациенттің немесе оның заңды өкілінің egov ДДҚБ мемлекеттік сервисі (дербес деректерге қолжетімділікті бақылау) арқылы алатын хабардар етілген келісімімен дәрігер пациенттің немесе оның заңды өкілінің ЭЦҚ-сын ескере отырып, қажетті құжаттар топтамасын қалыптастырады (жүйеде бар тексерулер, емдеуге жатқызу, еңбекке жарамсыздық парақтары туралы мәліметтер және т.б.). Егер қандай да бір тексерулер стандартқа сәйкес жеткіліксіз болса немесе олар бұрыннан жасалған болса, пациентке қажетті тексерулерден өту ұсынылады, олардың нәтижелері дайын болған кезде МАЖ-да көрсетіледі. Мүгедектікті мерзімінің өтуіне байланысты растау қажет болған жағдайда дәрігер куәлік мерзімі аяқталғанға дейін 2 апта бұрын ерекше қажеттіліктері бар пациентке немесе оның өкіліне емханаға баруға бастамашылық жасайды. Мүгедектігі бар азаматтар туралы ақпарат бірыңғай деректер базасында бар және дәрігер пациенттің денсаулық жағдайының тарихын өз бетінше қалыптастыра алады. Екі жағдайда да пациенттің иесіздендірілген деректері еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің медициналық-әлеуметтік сараптамасына жасырын онлайн-комиссияға жіберіледі, ол шешімді пациенттің медициналық деректері негізінде ғана қабылдайды. Жоба азаматтардың түрлі инстанцияларға баруын болдырмайды және қағазбастылықтан арылтады.
Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 700 мыңнан астам адам бар. Тексеруден өту және диагнозын растау үшін олар өтініш беріп, анализдер тапсырып, содан кейін комиссияның растауын күтуі керек. Мұның бәрі 2 айға дейін созылды.
Уақытында ресімделмеген мүгедектік басқа проблемалардың тізбегін құрды, мысалы, олардың бірі - жәрдемақының кешігуі. Қазір мүгедектікті сырттай куәландыру жобасы аясында бұл процесс бір аптадан аспайды. Мәртебе беру кезінде пациентке смс-хабарлама келеді, ал мәртебе туралы ақпарат egov-та көрсетіледі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала