Жамбыл облысының 85 жылдығына орай мәдени-спорттық шаралар өтеді
Қарашаның 22 жұлдызында Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толады
Айтулы датаға орай, Тараз қаласы мен Жамбыл ауданында бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Атап айтқанда, сағат 10.00-де Тараз қаласы, Достық үйінде «Талас - Ұлы өркениеттер тоғысында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтсе, сағат
14.00-де Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылындағы атшабарда бәйгеден («Ұлы аламан», «Аламан», «Құнан» бәйге) облыстық ашық турнирі ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, сағат 16.00-де «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтеді.
Салтанатты іс-шара барысында кешен аумағында киіз үйлер қалашығын тамашалау, 85 домбырашының қатысумен күйші, композитор Әбдімомын Желдібаевтың күйін орындау, мерейтойға орай шығарылған кітаптардың тұсаукесері, «Туған өлкем - Жамбылым!» атты қылқалам, қолөнер байқаулары жеңімпаздарының көрмесі, «Мәдениет - асыл қазынам» атты аудандардың мәдениет күндерінің жеңімпаздарын марапаттау, облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылмақ.
Баршаңызды мерейтойға арналған іс-шараларға қатысуға шақырамыз.