Жаңалықтар

Жамбыл облысының 85 жылдығына орай спартакиада ұйымдастырылды

Жамбыл облысының 85 жылдығына және Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спорт түрлерін дамыту мақсатында «Ата Заңым-айбыным» атты аудандық мекеме қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылды.

Іс-шараның ашылу салтанатында Талас аудандық мәслихат төрағасы Садубаев Қадырбек Рысқұлбекұлы, «Amanat» партиясының Талас аудандық филиалының төрағасы Мәселбеков Докторбек Манатбекұлы және Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Манатбеков Нұрсұлтан Жексенбекұлы командаларға сәттілік тіледі. Салтанат барысында спорттың денсаулықты нығайту мен жастар арасында патриотизмді қалыптастырудағы рөлі туралы сөз қозғалды.

Аталмыш іс-шараға жалпы 11 команда қатысты. Жарыс кіші футбол, кір тасын көтеру, кермеге тартылу, үстел тенисі, қол күрес және арқан тарту сияқты кезеңдермен жалғасты. Спортшылар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, әр кезеңде жанкүйерлердің қошеметіне ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша:

    •    Кіші футбол: 3 орынды «Білім бөлімі 1» командасы, 2 орынды «Шолақтау» командасы, 1 орынды «Қараой» командасы иеленді.
    •    Кермеге тартылу: 3 орынды «Есейхан» командасының мүшесі Сұлтан Икрам, 2 орынды «Білім бөлімі 1» командасынан Мақсат Ғабитұлы, 1 орынды «Қараой» командасынан Зауытбек Әділжан қанжығасына байлады.
    •    Үстел тенисі: 3 орынды «Білім бөлімі 2» командасының мүшесі, 2 орынды «Тамды» командасының мүшесі, 1 орынды «Білім бөлімі 1» командасының мүшесі иеленді.
    •    Қол күресі: 3 орынды Дулат Ернұр, 2 орынды Мамедов Латиф, 1 орынды Жеребцов Артем жеңіп алды.
    •    Кір тасын көтеру: 3 орынды Құлыншақов Біржан, 2 орынды Керімбек Бағлан, 1 орынды Закария Игорь иеленді.
    •    Арқан тарту: 3 орынды «Шолақтау» командасы, 2 орынды «Talas investment company» командасы, 1 орынды «Білім бөлімі 1» командасы алды.

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте жүлделі III орынды «Talas investment company» командасы, II орынды «Қараой» командасы, I орынды «Білім бөлімі 1» командасы иеленді.

Іс-шара соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталып, дипломдармен марапатталды. Спартакиаданың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау мен командалық рухты нығайту болды, және қатысушылар арасында достық қарым-қатынасты дамытуға ықпал етті. Спартакиада аяқталған соң, қатысушылар мен ұйымдастырушылар келешекте осындай іс-шараларды жиі өткізуге ниет білдірді, өйткені бұндай шаралар аудан тұрғындарының спортқа қызығушылығын арттырып, дене шынықтыру мен спортты дамытуға оң әсер етеді.